Биылғы жылдың мамыр айында Киев қаласында өтетін «Еуровидение 2005» халықаралық байқауына тұңғыш рет Қазақстанның өкілі қатысатын болды. Оның алдын-ала өткізілетін ұлттық іріктеу сынынан өтуі қажет. Ұйымдастырушылар іріктеу жарысы ретінде жас орындаушылардың жалпыұлттық байқауларын пайдаланбақ ниетте.
«Еуровидение» байқауының ұйымдастыру комитеті өз тарихында тұңғыш рет бірқатар азиялық елдерден өкілдер шақыру туралы шешім қабылдап отыр. Соның қатарында Қазақстан да бар. Бірнеше халықаралық байқаулардың жүлдегері Нұрғали Тұрлыбеков мұндай байқауларға қатысу арқылы әншілердің кәсіби деңгейі жоғарылайды деп есептейді:
- «Еуровидение» өте үлкен халықаралық байқаулардың бірі, бүкіл әлем біледі. Егер сол сахнаға шығып жатса әншінің кәсіби деңгейі жоғарылайды.
Ал 1999 жылғы «Жас қанат» байқауының жүлдегері Мәдина Сәдуақасова егер «Еуровидение 2005» байқауына қатысу туралы өзіне ұсыныс түссе бар күшін салып дайындалатынын айтады:
- Мұндай ұсынысты, әрине, қуана қабылдар едім. Және бар ынта-ықыласымды қойып тұрып дайындалар едім. Мен қатысқан ең үлкен байқауларым әзірге тек «Жас қанат», алда халықаралық деңгейдегі үлкен байқауларға қатысамын деген үмітім бар.
Ал продюссер Сәбит Әбдіхалықов егер қалтаң қалың болса кез-келген жоғары деңгейде өткізілетін фестивальдерден бас жүлдені алуға болады деп есептейді. Ол «Еуровидение» байқауында да қойылар талап аса жоғары емес» деген ойда.
- Ол фестивальге қатысып жатқан әншілерді сұмдық деп айта алмаймын. Өйткені, бізде Астанада өткен байқауға қатысқан қыз орын ала алмай кетіп еді, сол Белоруссияның атынан финалға шықты. Соған қарағанда бұл жерде ақша үлкен роль ойнап жатыр деп айтуға болады. Жақсы ақша болса жұлып алуға болады.Қазақстан барып қатысып 7-8-ші орындарды алып келсе де жақсы ғой, - дейді қазақстандық продюссер С.Әбдіхалықов.
Ол өзі продюсерлік ететін бірнеше халықаралық байқаулардың жеңімпазы Алтынай Жорабаева аталған байқауға қатысса деген ниеті болғанын айтады. Алтынайдың орындауындағы «Мұны неге білмейсің» әні де таңдалған.
Ал Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова «Эстрада әншілерінің еңбегімен көрініп жүргендері шамалы. Қазіргі әншілер халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алмайды» деген пікір білдірді.
- «Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» жүріп, фонограммамен айтып жүре береді. Ондайды мен ұнатпаймын. Мен өзім еңбегімен маңдай терін ағызып жұмыс істегенді жақсы көремін. Ал эстрадада ондай жоқ. Әйтеуір өзіміздің ауылдың деңгейінде бір нәрсені айтып жүреді, ал үлкен аренаға шыға алмайды, - деген тұжырым жасайды елге танымал әнші.
Ал Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай бүгінде әншісымақтар қаптап кетті деп есептейді. Оның пікірінше, сұрыптау жүргізілетін болса, қазіргі әншілердің 70 пайызы сахнадан кетуге мәжбүр болады:
- Байқауларға қатысып, гран-при алып, лауреат атанып жүргендер екі-үш жылдан кейін көрінбей кетеді. Қыруар ақша жұмсалады. Осы жағынан комиссия құрылып, кімді әнші санайды, кімді санамайды, соны саралау керек секілді. Қазір әншісымақтар мен ән еместер қаптап кетті. Сөзі ғажап әні мазақ немесе әні ғажап сөзі мазақ. Осыны тоқтататын уақыт келген сияқты.
«Еуровидение 2005» байқауына қатысу үшін алдын-ала іріктеу әдісі сақталуы қажет көрінеді. Ұйымдастырушылар іріктеу сыны ретінде жас әншілердің жалпыұлттық байқауын пайдаланбақ. «Жас қанат» республикалық байқауының баспасөз орталығының хабарына қарағанда, аталған байқаудың продюссері Мұрат Ерғалиев «Еуровидениеге» іріктеу турын өткізудің талаптарын келісу мақсатымен Киевке аттанып кетіпті.