Қырғызстанда наурыздың 24-інде оппозициялық күштердің талабымен биліктен шеттетілген соң Ресейді паналаған Асқар Ақаев қызметінен кететіндігі туралы ресми келісімге қол қоятыны жайлы ақпарат тарады.
Осы аптаның жұма, сенбі күндері Азаттық радиосына тікелей берген сұхбаттарында Қырғызстанда билік басынан тайдырылған Асқар Ақаев өзінің енді президенттік қызметтен үмітін үзе бастағанын байқатып қойған болатын.
Ал көкек айының 2-сі күні Асқар Ақаев Қырғызстанға бармастан-ақ, Мәскеуде отырып, президенттік қызметтен кету жөніндегі келісімге қол қоямын дегені мәлім болып отыр. Қырғызстанның жаңадан сайланған парламентінің төрағасы Өмірбек Текебаевтың сенбі күні айтқанына қарағанда, көкектің 3-күні Мәскеуге Асқар Ақаевпен келіссөздер өткізу үшін парламенттік ресми топ барғалы жатыр екен.
Ол сапардың негізгі мақсаты – Асқар Ақаевтың өз елінен сыртқы аймақта, Ресей астанасында отырып, қызметтен кету жөніндегі ресми келісімге қол қоюды құжаттап-қаттау болмақ. Жалпы, заң бойынша, президент Ақаев парламент алдында ғана қызметтен бас тартуы мүмкін. Тек содан кейін ғана парламент жаңа президентті сайлау туралы шешімге келе алады.
Бірақ, Бішкекте көтерілісшілердің қолдауымен уақытша билікке келген топ, президент сайлауын алдағы маусымның 26-сында өтеді деп жариялап жіберді. Қырғызстан Конституциялық сотының төрайымы Чолпон Баекова сенбі күні, Асқар Ақаев қызметінен кетсе де, кетпесе де, сайлау сол белгіленген күні өтеді деп кесіп айтты.
- Сайлау бәрібір болады. Конституциялық соттың бүгінгі мәжілісінде жиналғандар осы мәселені түбегейлі талқылап, президент сайлауы маусым айының 26-сы күні өтетінін тағы да айтты, - деді Ч.Баекова.
А.Ақаев соңғы күндері өзінің қызметтен кететіндігін, бірақ, кемінде екі шарты бар екендігін Азаттық радиосына берген сұхбатында айтқан болатын. Ол шарттың бірншісі - парламент алдында сөйлеп, қызметтен кету. Асқар Ақаев, сондай-ақ, өз еліне қайтқан кезде жеке басының қауіпсіздіне кепілдік сұраған-тын.
Бірақ, Қырғыз сыртқы істер министрлігіне уақытша басшылыққа отырған Роза Отынбаева қазіргі әкімшілік ондай кепілдікті Асқар Ақаевке бере алмайды деп ескертті. Отынбаеваның пікірінше, Ақаевтың елге қайтуы кейбір жұрттың ашу-ызасын одан әрі қоздыруы мүмкін екен.
Роза Отынбаеваның айтуынша, ресми әкімшілік Ақаевтың отбасы мүшелерінің және оның сыбайластарының мүліктерін тәркілемекші көрінеді.
- Ол тоналған дүние-мүліктер – халықтікі, - дейді уақытша министр Роза Отынбаева.
Мәскеудегі халықаралық байланыстар институтының қызметкері Кирилл Коктыштың айтуынша, елден қашып шыққан басшы ретінде Ақаев абырой-беделден айырылған. Сондықтан, ресми келіссөз кезінде оның сөзі өтімді болмас дейді талдаушы.
- Өткен аптада Ақаев елден қашып кеткеннен кейін болған топалаңнан соң уақытша үкімет пен парламент әзірше елді түгелдей бақылауға ала қойған жоқ. Сондықтан, кез-келген нәрсе болуы мүмкін, - дейді Коктыш.
Сарапшының айтуынша, наурыздың 24-інде шеруге шыққандар, әсіресе Ақаевтің отбасылық, тайпалық сыбайлас жемқорлығына қарсы өздерінің ашу-ызасын білдірген, ол күні негізінен Ақаевтың отбасы мен оның сыбайластарының иелігіндегі дүкендер қиратылған. Сарапшының айтуынша, қырғыз азаматтарының көбі Ақаевтың билікке қайта оралуын қаламайды.
- Ақаев заң жүзінде әзірше президент, бірақ, оның ешқандай билік күші жоқ, оны ешкім қолдамайды да. Сондықтан, енді тек Асқар Ақаевтың қағаз жүзінде қызметтен кетуін рәсімдеу ғана қалды. Өзге мәселелер рет-ретімен шешіле бермек, - дейді К.Коктыш.