47 жастағы ханзада Альберт Монако княздігінің регенті болып жарияланды

МОНАКО. Монако княздігінің билеушісі – 82 жастағы князь Ренье дүние салды. Ол өкпесі мен бүйрегі және жүрегі қатты асқынып, наурыздың 7-күні ауруханаға жатқызылған болатын. Князь Ренье - Монако княздігін 1949 жылдан бері билеп келді. Өткен аптада оның ұлы – 47 жастағы ханзада Альберт осы княздіктің регенті болып жарияланды.