Джаз музыкасының мамандары музыканың бұл бағыты Қазақстанда аса дамымағанын айтады. Олардың ойынша бұған себеп біреу – джаз музыкасы Қазақстанда насихатталмайды, ол Қазақстан қоғамында әлі де шетелдік жат музыка күйінде қабылданады.
Қазақстандық джаз тобының жетекшісі Владимир Осипов елде, әсіресе жастар арасында джаз туралы білетіндер өте аз дейді.
- Көп жағдайда жастарға джаз музыкасын тыңдауға мүмкіндік жоқ. Көпшілік жастардың джаз туралы білетіні - осындай музыкалық стиль бар екендігін білгеннен әрі аспайды. Оның үстіне, біздің қоғамда джаз ескірген, бұрынғының музыкасы деген ұғым қалыптасқан.
Владимирмен бірге джаз тобында өнер көрсететін Ольга джазға классикалық музыкадан келген. Кәсіби пианист Ольга, джазды түсінген адамның музыкалық танымы жоғары деп бағалауға болады дейді.
- Джазға келу үшін адам ең алдымен музыка әлеміне терең кіруі керек. Музыканы тереңірек түсінген кезде, сізге джаз музыкасының қыр-сыры ашыла бастайды. Сол кезде сіз еріксіз джаз музыкасының табынушысына айналасыз.
Қазақстандағы жалғыз ғана жастар джаз мектеп-орталығының директоры Юлия Зарипова Алматыдға осы орталыққа жастар көп келетінін айтады:
- Бұрын Алматы қаласында джаз-кафелер көп болатын, қазір олардың саны аз. Дегенмен, сол кафелерге жастар көп жиналатын. Менің ойымша, джаз-кафелер мәдениетті түрде көңіл көтеруге себеп болып қана қоймайды, ол сонымен қатар жастар арасында джаз музыкасын кеңірек насихаттауға мүмкіндік береді.
Қазір Алматыда кәсіби джаз музыкасымен айналысатын топтардың саны аз дейді музыкант мамандар. Ал өз музыкалық бағыттарында джаз элементтерін қосатын топтар Қазақстанда баршылық. Ондайлардың қатарына қазақстандық “JCS”, “Степс” секілді топтарды жатқызуға болады.
Кәсіби джазмен Владимир Осипов жетекшілік ететін джаз тобы қазір көкектің 14-і мен 17-сі аралығында Алматыда өтетін IV халықаралық джаз фестиваліге дайындалып жатыр. Олар осы фестивальде қазақтың халықтық ән-күйі мен джаз элементтері араласқан музыкалық шығарма орындамақшы. Владимирдің өзі “Азаттық” радиосына берген сұхбатында, халықтық музыка мен джазды біріктіру қазір кеңінен қолданылады әрі бұл, халық арасында джазды насихаттаудың тиімді тәсілі дегенді айтты:
- Бұл идея, менің ойымша, джаз музыкасын көпшілікке танытуға және этно-джаз үлгісінде жаңа бағыттар жасауға мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Әзірге музыканттар жоғарыда айтылған шығарманы бөтен адамдардың алдында орындаудан тартынады. Бұл фестиваль алдындағы шағын құпия болсын дейді олар. Ал джаз музыкасының басты қасиеті неде деген сұраққа, мамандар әлемге әйгілі бір джаз пианисінің: “Музыка туралы әңгіме қозғау, архитектура жайлы би билеумен тең. Музыканы тең тыңдау керек” деген сөзімен жауап береді.