Ф.Куловқа 10 шілдеде өтетін президент сайлауына үміткер ретінде түсуіне жол ашылды.

БІШКЕК: Бүгін Қырғызстан парламенті А.Ақаевтың президент лауазымынан бас тартуын көпшілік дауыспен қабылдап, президент сайлауын осы жылдың 10 шілдесіне тағайындады. Наурыздың соңында елден қашып, қазір Мәскеуде жүрген А.Ақаев – президент құзырын өткен аптада ресми түрде тапсырды. Оның алдында ғана Қырғызстанның Жоғарғы соты оппозиция лидерлерінің бірі Феликс Куловқа тағылған соңғы айыпты да жойып, оның президент сайлауына үміткер болып түсуіне жол ашты. Соттың өкімін халық “алақайлап” қарсы алды. Ф.Кулов – қызмет бабын асыра пайдаланды және бюджет қаржысын талан-таражға салды деген айыптар бойынша 4 жылдан аса уақыт түрмеде отырып, соңғы халық толқуы кезінде босатылды.