Сәрсенбі күнгі жарық көрген мерзімді басылымдарда жастар тақырыбына арналған мақалалар көбірек орын алыпты. Кейбір басылымдар "Қаһар" атты жастар қозғалысы "өз қатарына студенттер мен жастарды жинап, Қазақстанда төңкеріс жасауға дайындалып жатыр" деп жазыпты.
“Экспресс К” басылымында жарық көрген Галина Наумованың мақаласында “Қаһар” атты жастар қозғалысының өз қатарына студенттер мен жастарды жинап, "Қазақстанда төңкеріс жасауға дайындалып жатқандығы" айтылыпты. Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, жастардың “Қаһар” қозғалысы үстіміздегі жылы Қазақстанның демократиялық таңдауының жас қанаты ретінде құрылған.
Мақалада сондай-ақ газет тілшісінің “Қаһар” жастар қозғалысының мүшелігіне кіріп кете жаздаған жастардың бірімен қалай кездескендігі және онымен сөйлесу барысындағы айтылған әңгімелердің тарихы баяндалыпты. Мақалада баяндалған оқиғаның қысқаша тарихына тоқталатын болсақ, Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының бірінде білім алып жатқан Борис деген студент интернет арқылы жастардың “Қаһар” қозғалысымен танысады.
Электрондық пошта арқылы өзі туралы мәліметтерді жіберіп, кейіннен осы жастар қозғалысының өкілімен кездеседі. Өзін Азат деп таныстырған “Қаһар” жастар қозғалысының мүшесі, аталмыш ұйымның алға қойған мақсаттарымен таныстырады. Бористің айтуынша, “Қаһар” қозғалысының көздеген мақсаты ол ойлағаннан мүлде басқа болып шығады.
Газет тілшісімен сөйлескен Борис “Қаһар” қозғалысының өз қатарына мыңдаған жастарды тартып, кейіннен шеру өткізуді жоспарлап отырғандығын, сондай-ақ бұл жастар қозғалысын Батыстың қаржыландырып отырғандығын баяндап беріпті. Мақала авторының айтуынша, қаhарлықтар студенттер мен жастардың алғашқы шеруін өткізгеннен кейін, билікті орнынан алуды жоспарлап отыр.
Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, “Қаһар” жастар қозғалысының өз интернет-парақшалары да бар көрінеді. Сондай-ақ мақала авторы “Қаһар” жастар қозғалысының өз жұмыстарын жасырын түрде жүргізетіндігі туралы да дерек келтіріпті.
“Егемен Қазақстан” басылымы болса, елордада “Астана” қаласының Жастар Парламенті қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен, екі күнге созылған шығармашылық жастардың “Жас Бәйтерек” фестивальінің мәреге жеткендігі хабарланыпты.
Биылғы өнер додасында бақ сынаған 10 университеттің 60 жуық талапкерінің ішінен “Халық номинациясында” бас жүлдені Гүлім Досқұлова жеңіп алса, бірінші орында Арман Ғабдулллин иеленіпті. Биылғы өнер фестиваліне Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Гүлжан Әспетова мен Марат Омаров, “Ақ жауын” мемлекеттік камералық оркестрінің жетекшісі Секен Тұрысбекұлы, “Айна” әзіл-сықақ театрының директоры Мұрат Ордаханов, айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы қазылық жасапты.
“Литер” басылымында жарық көрген Кариша Патидың мақаласы да жастар тақырыбына арналыпты. Мақалада барлық уақыттарда да жағдайы жақсы жастардың болғандығы айтылып, бүгінгі таңда министрлер мен бизнесмендердің, лауазымы жоғары шенеуніктердің балаларының еш қиналмастан түнгі клубтарда тек ішімдікке ғана жұмсап жіберетіндігі де тілге тиек етіліпті.
“Айқын” басылымы болса “Жас қанат” атты жастардың ән байқауының жақындап қалғандығын хабарлапты. Мақала авторының айтуынша, қазіргі уақытта Астанада байқаудың кезекті өткізіліміне қызу дайындық жүргізіліп жатқан көрінеді. Халықаралық “Азия дауысы” байқауының бас директоры Мұрат Ерғалиевтың айтуынша, жүлдегерлер үшін осы жазда өтетін “Азия дауысына” қатысуға жол ашылады. Мақалада сондай-ақ биылдан бастап “Жас қанаттың” жеке имиджмейкерлерінің бар екендігі де айтылыпты.
“Аргументы и факты” газетінің “Қазақстан” қосымшасы болса соңғы уақыттары Қазақстанда әр түрлі жастар ұйымының көбейіп бара жатқандығына айрықша назар аударыпты. Газеттің алтыншы және жетінші бетінде жарық көрген мақалалар топтамасының бәрі де жастар тақырыбына арналыпты.
Мақала авторының айтуынша, дәл бүгінгі уақытта жастардың көпшілігін Қазақстанның саяси өмірі аса қызықтырмайды. Газет тілшісінің сараптамасына сүйенсек, Қазақстандағы жастардың басым көпшілігі өздерін толғандырып жүрген мәселелерді көтеріп, күн тәртібіне қойғысы келсе де, оны жүзеге асырудың жолдарын білмейді. “Аргументы и факты” газетінің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында ғана ресми тіркеуден өткен 16 жастар ұйымы жұмыс істейді.
Мақалада сонымен қатар жастардың саясатқа көп қызықпағанымен, өздерінің тағдырына тікелей қатысы бар мәселелерде белсенділік танытатындығы айтылып, бір жыл бұрын Тараз Мемлекеттік Университетінің студенттерінің ректордың тұтас бір корпусты қаланың шетіне ауыстыру туралы қабылдаған шешіміне қарсылық білдіріп, наразылық шеруін өткізгендігі хабарланыпты.