Бейсенбідегі басылымдарда Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Бәлиеваның отставкаға кеткендігіне қатысты мақалалар жарық көріпті. Демократиялық күштерден алдағы өтетін президенттік сайлауға бір кандидат ретінде түскелі отырған Жармахан Тұяқбайдың Өскеменге сапарында болған оқиға да бейсенбі күні жарық көрген басылымдардың басты назар аударған тақырыптарының біріне айналыпты.
“Экспресс К” және “Литер” басылымы Орталық Сайлау Комиссиясының төрайымы Зағипа Бәлиева отставкаға кеткенде, мәжіліс депутаттарының ішінде оның атына жылы сөз айтқандардың санының көп болғандығын хабарлапты. “Литер” басылымының хабарлауынша, бұл қызметке тағайындалған Әділет министрі Оңалсын Жұмабеков “Сайлау туралы” заңға енгізілген өзгертулердің өмір қажеттілігінен туындап отырғандығын атап өтіпті.
“Экспресс К” басылымы болса, Зағипа Балиеваның әзірше қандай жұмыспен айналысатындығын білмейтіндігін мәлімдегендігіне тоқталыпты. “Время” басылымы болса, тоғыз жыл үш ай бойы Зағипа Бәлиева “Орталық сайлау комиссиясының” төрайымы қызметін атқарып тұрған уақытта оның атына талай сайлаудың бұрмалаушылықпен өткендігі туралы айыптаулардың айтылғандығына тоқтала келіп, Зағипа Бәлиева отставкаға кеткен уақытта оның атына тек жылы сөздердің айтылғандығына баса назар аударыпты.
“Жас Алаш” басылымы Зағипа Бәлиеваны отставкаға кетіру арқылы билік оппозицияның көңілінен шығатын қадамға барды, екінші жағынан, олар алдағы науқанның қарсаңында сайлауға жаңа демократиялық реңк беруді көздейтін сыңайлы деген қорытынды жасапты. Мақала авторының айтуынша, 5 жылға сайланып алған депутаттардың Зағипа Бәлиеваны құрбандыққа шалу арқылы Астанадағы ауа-райын өзгертуге күш салып жатқандығы аңғарылады.
“МК в Казахстане” басылымына берген сұхбатында Зағипа Бәлиева өз уақыты келгенде мемлекеттегі партиялық құрылыстың қалай жүргізілгендігі туралы кітап жазатындығын мәлімдепті. Демократиялық күштерден алдағы өтетін президенттік сайлауға бір кандидат ретінде түскелі отырған Жармахан Тұяқбайдың Өскеменге барған сапарында орын алған оқиға да бейсенбі күні жарық көрген басылымдардың басты назар аударған тақырыптарының біріне айналыпты.
Бұл туралы осы кезге шейін шыққан кейбір ресми басылымдарда Жармахан Тұяқбайдың Өскеменге келуіне халықтың наразылық білдіргені айтылса, бейсенбі күні жарық көрген оппозициялық бағытты ұстанатын басылымдарда бұл оқиғаға басқаша баға беріліпті. Мысалы бейсенбі күні жарық көрген “Сөз” басылымында жарық көрген Қазис Тоғызбаевтың мақаласында “Әділетті Қазақстан” қоғамдық қозғалысының басшысы Жармахан Тұяқбай өз әріптестерімен Өскемен қаласына барғанда, олардың халықпен кездесуіне түрлі кедергілердің жасалғандығы баяндалыпты.
Мақала авторының айтуынша, қаладағы мекемелердің бәрі де халықпен кездесу үшін Жармахан Тұяқбайға өз орындарын жалға беруден бас тартқан. “Сөз” газетінің хабарлауынша, Жармахан Тұяқбай өз әріптестерімен бірге облыстық Қазақстан Компартиясының бөлімшесінің алдына келген кезде он шақты жас жігіт жиналғандарды бұзып-жарып кіруге, төбелес ұйымдастыруға әрекет жасаған. Және осы жігіттердің біреуі Жармахан Тұяқбайға қарай тас лақтырған. Ол тас Жармахан Тұяқбайдың емес, оның қасында тұрған телеоператардың басына тиіп, ол жарақат алған. Газет тілшісінің хабарлауынша, оппозиция өкілдері мұның бәрін де биліктің арандатуымен жасалынып отырған әрекет деп бағалап отыр.
“Жұма таймс немесе Дата недели” апталығында жарық көрген мақаласында саясаткер Әміржан Қосанов та бұл тақырыпқа айрықша тоқталып, 1998 жылдың 16 қазанында экс-премьер Әкежан Қажыгелдин де президент болуға ниет білдіргенде Алматы қаласының шетінде оқ атылып, оған қарсы қастандық әрекетінің жасалғандығын тілге тиек етіпті. Осыған орай мақала авторы 2005 жылдың 9 сәуірінде Жармахан Тұяқбай мен кезінде экс-премьер Әкежан Қажыгелдинге жасалған қастандық әрекеттерінің арасында ұқсастықтың бар екендігін айта келіп, бүгінгі режимнің жеңіске жету мақсатында ештеңеден де тайынбайтындығы туралы өз ойын білдіріпті.
Мақала авторының айтуынша, бүгінгі уақытта алдағы өтетін президенттік сайлауға түсуге ниет білдірген Жармахан Тұяқбайдың маңына барлық оппозициялық күштердің бірігуі биліктің басын қатырып отырған үлкен проблемалардың бірі болып табылады. Ал, “Свобода слова” басылымында «Назарбаевтың бәскелесіне қастандық әрекеті жасалынды” деген мақала жарық көріпті. Осы оқиғаға қатысты өз ойын білдірген Ғалымжан Жақиянов дәл осындай ахуалдың кезінде Украина мен Қырғызстанда да орын алғандығын айта келіп, биліктің бұл әрекеті ешқандай да нәтиже бермейді деген пікірін білдіріпті.
Ғалымжан Жақияновтың айтуынша, бұл қастандық әрекеті тапа-тал түсте қалың халықтың ортасында жасалғандықтан, оны бұзақылар жасады деудің ешқандай да қисыны келмейді. Заманбек Нұрқаділов болса Өскеменде орын алған оқиға биліктің әлсіздігін байқатады, сондықтан да Жармахан Тұяқбай ештеңеден де сескенбей жұмысын жалғастыра беруі қажет деген ойын білдіріпті.
Ал, “Азат” газетінде демократиялық күштерден алдағы президент сайлауына бірегей кандидат ретінде түскелі отырған Жармахан Тұяқбаймен жүргізілген көлемді сұхбат жарық көріпті.