Қазіргі таңда Қазақстанда қылмыс жасағаны үшін колонияда жазасын өтеп жатқан 18 жасқа дейінгі 600-ден астам жеткіншектің 100-ге жуығы ауыр қылмыс жасағандар.
Қазақстан қылмыстық атқару жүйесі комитетінің маманы Бейсен Жахиннің айтуынша, 18 жасқа дейінгі 600-ден астам жеткіншек колонияда жазасын өтеп жатыр және олардың ішінде 100-ге жуығы қасақана адам өлтіргендер:
- 4 колония бар. Қосымша қыздарға арналған колония бар. Ондағы балалардың саны 634-ке тең.
Қазір Алматы судьялары халықаралық стандарттар бойынша, кәмелетке толмағандардың істерін жүргузі жөнінде сабақ алып жатыр. Ал Астананың ішкі істер басқармасында арнайы психолог мамандықтары енгізілген. 4 колонияда тағы 13 психолог жұмыс істейді.
Олар басқа жұмыстарының сыртында, тергеушілерді жеткіншектермен қарым қатынас жүргізуді үйретеді. Біреулер жастар арасындағы қылмыс азайды десе, Астанадағы 27 мектептің мұғалімі Сәулеш Советқызының айтунша, соңғы кезде жастар арасындағы қылмыс ұлғайып келеді:
- Жыл сайын көбейіп келе жатыр. Тұрғындардың тұрмысы төмегенде ондай жағдай көбееді. Мысалы, қазір есірткімен айналысатындар 5-6 сыныптарда да бар.
Жан танушы мамандардың пікірінше, жеткіншектермен қарапайым, түсінікті тілмен сөйлесу керек. Қазақстан президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысы Тастемір Әбішевтің айтуынша, жеткіншектерге қозғалған қылмысты істер бойынша жүргізілетін сот шешімі жеңілрек болуы тиіс:
- Қазақстан 1999 жылы балалар құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияны бекіткен. Осыған орай ювеналды соттарды құрудың маңызы зор. Бұл балалар құқықтарын қорғауда үлкен роль атқарады және соттардың жұмысын жеңілдетеді.
Судьялар болса, жеткіншектер өз кіналарын мойындап, жылап жатқанын байқамаймыз дейді. Ал психологтар болса, жеткіншектер жан жағында болып жатқан жағдайларды түсінбегенде осылайша оқшауланып алатын әдеті деген пікірді ұстанады. Астанадағы кәмелекте толмағандар істері жөніндегі басқарма бастығы Галина Хабарованың айтуынша, бұрын қамауға отырған жеткіншектер жылап, кінасін мойындайтын, ал, қазіргі жастар қылмыс жасағанды орынды құбылыс деп есептейді, дейді ол.
Қылмыстық ахуалды ретке келтіру үшін, 2 жыл бұрын Қазақстанда жеткіншектерді соттайтын арнайы соттар құры ұсынысы жасалып, тәжірибе ретінде судьяларға, прокурорларға, адвокаттармен тергеушілерге арнайы психологиялық сабақтар берілген.
Сол уақыттан бері жағдай біртіндеп өзгеріп келеді. Ювеналды соттар құру ұсынысын кезекті рет айтып жүргендер соңғы кезде судьялар тіпті шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын жеңілдетуге тырысыды дейді. Енді Ювеналды соттар құру ұсынысын кезекті рет айтып жүргендер осындай соттарды құру мәселесін үкімет алдына қойған. Ал, Бас прокурордың аға көмекшісі Төрехан Адайдың айтуынша, жеткіншектерге қатысты сот шешімдері онсызда жұмсақ:
- Оларға келгенде ауыр қылмыс жасағандарға ату жазасы көрсетілмеген. Шартты түрде бергеннің өзі жеңіл дәреже. Түрмеге отырмайды, үйінде болады. Қамауға алу тек ауыр қылмыс жасағанда қаралады, ал, жеңіл қылмыс жасағандар мүлде қамауға алынбайды.
Бұл пікірмен келіспейтіндер де бар. Бұзақылық жасап, бір баланы ұрғаны үшін, 2 жылға бас бостандығынан айырылған 17 жасар Виталий Чижиков бұл мерзіммен келіспейтіндігін айтып, жазаны жеңілдетуді сұрап отыр. Менімен бірге болған балалар шартты түрде сотталды, ал, мен кінамды мойындасамда бас бостандығымнан айрылдым, дейді ол.
Соңғы мәлімет бойынша, бір жыл ішінде 200-ге жуық жеткіншектің жазалары жеңілдетіліп, олардың жазасы шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.