Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның төрағасы Дмитрий Рупель Тәжікстан үкіметін елдегі сайлау процесі мен баспасөз бостандығын жақсартуға шақырды. Рупельдің мәлімдеуінше, демократия бағытындағы қозғалыс Тәжікстанның тұрақтылығы үшін өте маңызды. Аталған ұйым Тәжікстанда ақпан айында өткен парламент сайлауын сынаған.