С.Ниязов (Түркіменстан) 2009 жылғы президент сайлауына түспейтінін айтты

АШХАБАД. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жетекшісі әрі Словенияның сыртқы істер министрі Дмитрий Рупельмен Ашхабадтағы келіссөзі барысында Түркіменстан президенті Сапармұрад Ниязов 2009 жылғы президент сайлауына түспейтінін және өзінің зейнетке кететінін мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, 2009 жылғы президент сайлауына бірнеше балама үміткер түседі.