Бүгін Ресей президенті Владимир Путин Ресей халқына жыл сайынғы жолдауын жариялады

МӘСКЕУ. Путин Ресей мемлекетін күшейтуге бағытталған реформаларды одан әрі жалғастыруға шақырды. Ол сондай-ақ, Ресей азаматтарының өркендеуіне бірдей мүмкіндік беру керек деді. Сонымен қатар, Ресей президенті Совет одағының ыдырауын “апат” деп бағалап, ондай оқиға қайталанбауы үшін Ресей өзінің позициясын күшейтуі тиіс деді.

- Совет одағының ыдырауы 20 ғасырдың ең үлкен геосаяси апаты болды. Ал Ресей халқы үшін бұл нағыз драмаға айналды. Біздің ондаған миллион азаматымыз Ресейден тыс жерде қалып қойды. Ол сондай-ақ, Ресейдің өзіне әсер етті, - деді Путин.

Путин сондай-ақ, елде қалай демократияны дамытуды Ресейдің өзі шешетін болады деп атап көрсетті.