Қазақстандық жас спортшылар Сауд Арабиясында өткен мұсылман елдері спортшыларының тұңғыш ойындарынан оралды. Олар 54 мемлекеттің өкілдері қатысқан додада спорттың 15 түрінен болған сайысқа 7 түрінен ғана қатысып, командалық есеп бойынша 3-ші орын алды.
Сауд Арабиясының Мекке, Медине, Жидда, Тайф қалаларында тұңғыш рет Ислам Ынтымақтастығы елдері спортшыларының ойындары өткізілді. Ислам Ынтымақтастығы конференциясы 1995 жылы Мароккода 57 мемлекеттің қатысуымен меморандум қабылдаған болатын. Соған орай спорттың 15 түрінен 54 мемлекет қатысқан әлемдік деңгейдегі жарысқа Қазақстанның ең жас балғын спортшылары ғана қатыса алды.
Қажымұқан атындағы спортқа дарынды балалар мектеп-интернатының директоры Қыдырбек Рысбектің айтуынша, жарыс өтетіні туралы хабар қазақстандықтарға кеш тиген. Соған қарамастан Асқар Оразалинов бастаған су добы командасы қазақстандық спортшыларға даңқ сыйлаған тартысты ойын түрі болған көрінеді. Қазақстанның олимпиадалық құрама командасының бапкері, Қажымұқан мектеп-интернаты директорының орынбасары Жұмахан Имаяқов:
- Негізінен алдағы жарыстарға әлі беті қайтпаған жастарды апарып шыңдау аса қажет. Өйткені, 2008-ші жылы Қытайда өтетін олимпиадаға осы бастан дайындала бастау керек, -дейді.
Олимпиадалық ойын түрлерінен жас спортшыларды жасақтауда Қажымұқан мектебі жаңа үрдісті қолға алған екен. Ол республика бойынша алып балаларды арнайы байқау арқылы мектепке алдыртып тәрбиелеп жатқан көрінеді. Жақында Қызылорда облысының Қазалы ауданынан келген 15 жастағы Азамат Құлмановтың салмағы 100 кило болса, 16-дағы Самалбек Исламбаев 110 килограмда күреседі.
Қажымұқан атындағы мектеп-интернаттың директоры Қыдырбек Рысбек Меккедегі Ислам Ынтымақтастығы елдері спорт ойындарында алғаш рет спорттық ойындар басталар кезінде құран оқылғандығына куә болғанын, қазақстандықтарға үлгі тұтарлық мұсылмандық жайлаған елдер бар екен деп көңіліне түйгенін айтады.
Ислам Ынтымақтастығы елдерінің тұңғыш спорт ойындарына Нигерия, Албания, Өзбекстан қатысқан жоқ. 54 мемлекет қатысқан ойында Сауд Арабиясы корольдігінің құрама командасы 1-ші орынды, Египет елінің спортшылары 2-ші орынды иемденді. Ал қазақстандық спортшылар бұл жарыстан елге 13 алтын, 8 күміс және 6 қола медалді олжалап оралды.