Ирақ елбасы Жалал Талабанидің айтуынша, елде Ислам билігі орнамайтын болады. Алайда, негізінен мұсылмандар басым тұратын ел болғандықтан да Ислам шарттары құрметтелмекші. Ол Ирақтың демократия, федералдық, парламенттік жүйесі бағытында дамуын қалайтындығын айтты. Дей тұрғанмен, заң шығарушылар Ислам шарттарына қайшы келетін заңдарды қабылдамайтын болады деді елбасы. Ираққа байланысты халықаралық конференция Брюссельде маусым айында болмақшы.