Бүгін Израиль күштері 3 палестиндікті тұтқынға алды

ИЕРУСАЛИМ. Тель-Авивге жақын жерде Израиль күштері экстремист топтарына қатысты деген күдікпен 3 палестиндікті қамауға алды. Палестиндықтар отырған машина тексеру бекетінде тоқтатылған. Еврейлердің Пасха мейрамы басталғалы бері Израильде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.