БАҒДАД: Ирақ парламенті бүгін жаңа үкіметті дауысқа салып бекітуге тиіс. Ирақтың жаңа премьер-министрі Ибраһим Әл-Жафаари кеше жаңа үкіметті жасақтап болғанын мәлімдеді. Бірақ кімнің қандай лауазымға белгіленгенін айтпады. Оның атап көрсетуінше, жаңа үкімет елдегі барлық этникалық және діни топтың өкілдерін қамтыған. 275 депутаты бар Ұлттық ассамблея жаңа үкіметті жай ғана көпшілік дауыспен мақұлдауға тиіс. Үкіметті жасақтау мәселесі қаңтар айынан бері жалғасып келді. Әл-Жафааридің осы хабары алдында қарақшылар парламенттің өкілін төсекте жатқан жерінде атып кетті.