Соңғы 40 жылдан бері алғаш рет Ресей президенті Таяу Шығыс аймағына келді.

ҚАЙЫР: Бүгін Ресей президенті В.Путин Қайырда Мысыр президенті Хосни Мүбәрәкпен келіссөз өткізеді. Ирақ пен Ливандағы және Сириядағы ахуал, Палестина-Израиль жанжалы, сондай-ақ өзге де аймақтық проблемалар мен БҰҰ-ын реформалау жобасы – екі жақты әңгіменің арқауы болмақшы. Бұл – Ресей басшысының Мысырға соңғы 40 жылдан бергі бірінші сапары. Мысырдан кейін В.Путин Израиль премьері Ариэль Шаронмен кездесу үшін Тель-Авивке барады. Ресей президенті, сондай-ақ, Рамалла қаласында Палестина автономиясының лидері Махмуд Аббаспен де кездеспекші.