1986 жылы 26-шы сәуірде Чернобыль атом электро станциясының төртінші реакторында болған жарылыстың радиоактивті қалдықтары Украина, Ресей, Белорусь пен Еуропаның солтүстік жағына тараған. Бұл апаттан мыңдаған адам көз жұмып, бұрынғы совет аймағының 8 млн адамы радиация сәулесіне ұшыраған. Апаттан зардап шеккендер әлеуметтік төлемақыларды көбейтіп, медициналық сақтандырудың жақсы жағдайын, берілген уәдеге сай, жәрдемақы көмектерді ұлғайтуын сұрап отыр.