Армения астанасында бір жарым миллион этникалық армяндардың қаза болуының 90 жылдығы еске алынды

Ол оқиға Осман империясы кезінде орын алған еді. Еревандағы ескерткішке бір жарым миллион, яғни қаза болғандардың санындай армян азаматтарының келуін Армения басшылығы қалаған болатын. Осы арқылы олар аталған қырғынның халықаралық мәнге ие болуын көздейді. 1915 жылы көкек айының 24-інде басталып, 1917-жылға дейін орын алған бұл оқиғаны Түркия жағы азаматтық күрес барысындағы өлім құшу еді деп бағалайды. Алайда, ол қырғынға мемлекет тарапынан басшылық жасалды деген ойды жоққа шығарады.