Қырғызстанда наурыздағы төңкерістен соң қалыптасқан тұрақсыздықты әсіредіншіл күштер өз мақсаттарына пайдаланып қалуға әрекеттенуі мүмкін деген алаңдаушылық пайда болғанын айтады талдаушылар.
Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары Қырғызстандағы исламшыл топтар енді бұдан былай өз әсірешілдік шараларын одан әрі қатаңдатуы мүмкін деп отыр.
Бірер көрші ел басына күн туса, ерекше оқиға болса, әдетте, алдымен ресейлік БАҚ-дары атойлап шыға келетіні әдетке айналған. Қырғызстандағы саяси оқиғалардан кейін де солай болды. Енді, «Хизб ут-Тахрир» бұл елдегі тұрақсыздықты пайдаланып белсенді, әсірешілдік әрекеттерге кіріседі деген мақалалар пайда бола бастады. Оның үстіне батыс журналистері «Хизб ут-Тахрир» тобы жиі көзге түсетін оңтүстік аймақ жөнінде көбірек жаза бастады.
Расында Парламент сайлауы қарсаңында «Хизб ут-Тахрир» Қырғызстандағы ол сайлауға бойкот жариялауға шақырғаны белгілі. Бірақ, ол топтың, төңкерістен кейін, өтпелі кезеңдегі жаңа үкіметке қарсы болғаны да шындық. Ондай қарсылық әрекеттері кезінде президент Ақаевтің билігіне де жасалған еді.
«Хизб ут-Тахрир» тобынан Дилйор Жумабоев деген жігіт Қырғызстанның оңтүстігіндегі Қарасу кентінде «Азаттық» радиосының тілшісіне өз мақсаттары жөнінде былай дейді:
- Біздің позициямыз, көзқарасымыз бір қалыптан өзгерген емес. Ол диқан бола ма, мемлекет басшысы бола ма, бәрібір, біз одан шарият заңымен тек қана жақсылық, игілік жасап, жамандықтан аулақ болуын талап етеміз. Бұл револяция демократиялық идеология негізінде іске асқан демократиялық үдеріс нәтижесі. Оған мұсылмандардың ешқандай қатысы жоқ. Бұл мұсылман немесе Исламның жеңісі емес, -дейді Дилйор.
Кейбір талдаушылардың пікірінше, сол демократиялық үдерістердің кесірінен «Хизб ут-Тахрир» әлсіздене бастаған. Дегенмен, Қырғызстандағы соңғы саяси өзгерістер көптеген азаматтарға өз ойларын, арман-тілектерін, наразылықтарын ашық айтуға мүмкіндік берді. Олар енді саяси күреске белсене қатыса алды.
Ал осы «Хизб ут-Тахрирдың» көздеген негізгі мақсаты не?
«Хизб ут-Тахрир» деген сөз араб тілінде «Азаттық партиясы» дегенді білдіреді. «Хизб ут-Тахрир» исламдық діни мемлекет – халифат құруды мұрат-мақсат етеді. Олар Орта Азиядағы қазіргі саяси режимдерді, батыстық капитализмді кәпірлер, дінге сенбейтін құдайсыздардың куфрлік жүйесі дейді.
Сондай-ақ, «Хизб ут-Тахрир» әдетте өз мақсаттарына жету жолында зорлық-зомбылықты пайдалануды қоштамайды. Лаңкестік әрекеттермен де байланысы жоқ. Соған қарамастан, Ресейде және Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанда «Хизб ут-Тахрир» ұйымының қызметіне тиым салынған.
Міне, енді Қырғызстандағы биылғы наурыз айындағы төңкерістен кейін «Хизб ут-Тахрирдың» жағдайы одан бетер күрделеніп кетті. Онда қазіргі жағдайда, Орта Азиядағы «Хизб ут-Тахрирді» біртұтас ұйым деп атауға келе мекен?
Әрине, қиын. Бұл топтың зорлық-зомбылықсыз әрекет етеміз дегенінен де нәтиже байқалмайды. Оның бір бөлігі бейбіт жолмен ислам төңкерісін жасаймыз десе, басқасы бүкіл аймақта емес бірер елде күш жұмсай отырып революция жасау қажет дейді екен. Қысқасы, олардың арасында қазір ауыз біршілігі жоқтай. Бұл жөнінде Ош қаласынан тәуелсіз журналист Әлішер Саипов былай дейді:
- Сарапшылардың айтуынша, ондай бөлінушілік осыдан бір жарым, екі жылдай бұрын байқала бастаған. Олардың өз іштерінде келіспеушілік орын алған. Кей мүшелердің айтуынша, олардың арасында күрес жөнінде теке-тірестік дау бар, - дейді журналист Әлішер Саипов.