Ирақ үкіметі бірер күнде толық жасақталып бітеді

Ирақ премьер-министрі Ибрахим әл-Жаафари жаңа кабинет құрамы ары кетсе екі-үш күнде толық жасақталып болады деп айтты. Өзінің инагурациялық сөзінде бас министр былай деді:

- Мен ирақтықтардың бәріне мынаны айтқым келеді, әрбір министрдің өз идеологиясы, өз діні бар екендігі рас, бірақ, сіздердің бәріңіз үшін олардың есіктері әрдайым ашық болады деп сендіргім келеді.