Италия министрі агенттің өліміне қатысты АҚШ-тың тұжырымын жалған дейді

РИМ: Хабарларға қарағанда, бүгін Италияның реформалар бойынша министрі Роберто Калдероли Ирақтағы итальяндық агенттің өліміне қатысты АҚШ-тың тұжырымы нағыз жалған деп мәлімдеді. Италия мен Америка Құрама Штаттары итальяндық агент Никола Калипаридің өліміне байланысты әрқилы хабарлар таратқан болатын. Естеріңізге сала кетсек, Калипари наурыз айында Бағдадтың әуежайына жақын жерде орналасқан АҚШ тексеру бекетінде атып өлтірілген.