Қазақстанда оппозициялық екі газет - «Деловое обозрение. Республика» және «Республика. Аналитический еженедельник» апталықтарын жабу жөнінде Қазақстан мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің ақпарат комитеті төрағасының бұйрығы шыққаны белгілі болып отыр.
Қазақстанда орыс тілінде шығатын «Деловое обозрение. Республика» апталық басылымы бас редакторының орынбасары Галина Дырдина, мамырдың 5-і күні түстен кейін Алматыда қазақстандық БАҚ өкілдеріне, өзі басқаратын газетті және «Республика. Аналитический еженедельник» апталығын жабу жөнінде Қазақстанның мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің ақпарат комитеті төрағасының бұйрығы шыққандығы туралы хат алғанын хабарлады.
Ақпарат комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Жанақанов мырза қол қойған №42 бұйрық туралы хабарлама хат осы оппозициялық басылымдардың меншік иесі болып саналатын Алматыдағы «Бастау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры атына жіберіліпті. Газет редакциясының өкілі Галина Дырдина ақпарат комитетінің бұл шешімімен өздерінің келіспейтіндігін, бұны заңсыз шешім деп санайтындығын мәлімдеп отыр.
- Сондықтан да алдағы күндері бұл мәселеге байланысты сот, прокуратура орындарына шағымданбақ ниеттеміз, - деді ол баспасөз өкілдеріне.
Заңгер Сергей Уткиннің айтуынша, Қазақстанның "БАҚ туралы" бұрынғы заңының 13-ші бабында газет, басылым жұмысын тоқтату не оны біржолата жабу туралы шешімді не сол газеттің, басылымның иесі немесе сот қана шығара алады. Ал басқа мекемелердің бұндай шешім шығаруға ешбір құқығы жоқ дейді заңгер.
Осы мәселеге байланысты Азаттық радиосы бейсенбі күні Қазақстанның мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің ақпарат комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Жанақановтан түсініктеме алуға тырысқан еді, бірақ, ол кісінің көмекшісі бастығының жұмысбасты екендігін алға тартып, кейін хабарласуды сұрады.
Қазақстандағы оппозиционер журналистердің бірі Ермұрат Бапи «Деловое обозрение. Республика» басылымы билік иелеріне қатысты сыни мақалалары үшін айыптардан көз ашпайтын газет екендігін айтады.
- Осы басылымға қатысты қазір сот ісі жүріп жатқан тұста, оны жабу туралы ақпарат комитетінің шығарған асығыс бұйрығы - көп жағдайды аңғартады, бұл алдын-ала ұйымдастырылып отырған іс, - дейді журналист Бапи.
Ал «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасары Айдос Сарымның пікірінше, газетті жабу, оның жұмысын тоқтату туралы тек сот қана шешім шығара алады.
- Ал бұл іске ақпарат комитетінің араласып отырғанын түсіну қиын, - дейді ол.
Саясаткер Болат Әбілов бұл мәселеге қатысты ел президенті Назарбаевтың таяуда ғана Алматыда өткен кезекті Еуразиялық медиа-форумда айтқан сөзін еске алады.
- Президент Қазақстандағы БАҚ жағдайына тоқталып, форум қонақтары алдында Қазақстандағы баспасөз еркіндігі жайында айтып еді. Енді міне, оппозициялық басылымдар бірінен соң бірі жабылып жатыр. Бәлкім, алдағы желтоқсан айына дейін елде бір де бір оппозициялық басылым қалмас, - дейді Болат Әбілов.
Ал «Деловое обозрение. Республика» апталығы бас редакторының орынбасары Галина Дырдина, өз әріптестерінің алдағы сенбі күні Алматы қаласында газеттің жабылуына байланысты митинг өткізбек ниеті барын жеткізді.