Президент Дж. Буш Латвия астанасы - Ригада

АҚШ президенті Дж.Буштың Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 60 жыл толуына арналған мерекелік шараларға қатысу үшін Европа мен Ресейге сапары Латвия астанасы Ригадан басталды. Кеше кешке қарай Дж.Буш Латвия мен Литва, Эстония елдерінің президенттерімен кездесті. Жексенбі күні Буш Мәскеуге аттанардан бұрын Нидерландыға ұшып барып, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан американдық солдаттардың басына тағзым ететін болады.

Балтық елдері мен Ресей арасында даулы мәселе - ол елдер Совет одағының басқыншылығына ұшырағанының жарты ғасырлығын атап өткен болатын. Балтық елдері басшыларының ішінде тек Латвия президенті Вайра Вике-Фрейберга ғана Ресей астанасындағы салтанатты шараларға қатысатын болады.