Жалал Талабани Иордания патшасы Абдулламен келіссөз жүргізді

Ирақ президенті Жалал Талабани бүгін алғашқы шетел сапарына шығып, көршілес Иорданияда ел патшасы Абдулламен келіссөз жүргізді. Талабани 25 минутқа созылған кездесуден соң "Ирақ-Иордания қатынастары өте жақсы деңгейде және одан ары жақсара түседі" деді. Сапар екі күн жалғасады. Бүгін Иорданияға Сауд Арабия ханзадасы Абдұлла да келді, алайда ол Талабанимен кездесе ме, жоқ па – белгісіз.

Бағдадта бүгін шабуыл орын алды, халық көп жиналған көше қиылысында көліктегі бомба жарылып, кемінде 13 адам қаза тапты, көптеген адам жараланды. АҚШ әскерінің өкілі қаза тапқандардың кейбіреуі – келісім бойынша жұмыс істеп жүрген американдық азаматтар болды деп айтты.