Лаура Буш Холокост құрбандарының мемориалына барды

АҚШ-тың бірінші ханымы Лаура Буш бүгін Латвияда Холокост нәубеті құрбандарының мемориалына барды. Екінші дүниежүзілік соғысында нацистер бұл жерде мыңдаған еврейді жойған болатын. 1941 жылы 30 қарашада және 8 желтоқсанда нацистер Риганың сыртындағы Румбула орманында 25 мың еврейді зұлымдықпен өлтірген. Лаура Бушты Латвия президенті Вайра Вике-Фрейбергенің күйеуі Имантс Фрейберг ертіп жүрді.