Ресей Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қатысты 6-жақты келіссөздерді қайта бастауға шақырды

СЕУЛ: Пхеньяндағы Ресей елшісі Андрей Карлов аталған келіссөздер елдің ядролық мәселесін шешуге жәрдем береді, сонымен қатар, Солтүстік Кореяның экономикалық және қауіпсіздік жағдайын жақсартады деп мәлімдеді. АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония, Оңтүстік және Солтүстік Корея елдері қатысқан келіссөздер өткен жылы тоқтап қалған.