Бүгін бұл жөнінде Солтүстік Кореяның мемлекеттік баспасөз агенттігі хабарлаған. Агенттік Солтүстік Кореяның аты аталмаған қызметкеріне сілтеме жасай отырып, "Yongbyon" жабдығынан 8 мыңдай отын талшықтары алынды деген хабар берді. Ядролық отын талшықтарын бөліп алу Пхеньянның плутоний қаруын жасап шығару үшін оны қайта өңдеуден өткізуіне мүмкіндік берер еді.