Қазақстанда кеңсе тауарларын сатумен айналысатын «Әсем» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің ар-ұжданы мен абырой беделін қорғау мақсатында Алматы қалалық қаржы полициясы департаментін сотқа беріп отыр.
Бұл туралы мамырдың 11-күні Алматыда БАҚ өкілдерімен кездесуде осы компанияның заңгері Тамара Талло мәлімдеді. Оның айтуынша, Алматы қалалық қаржы полициясы департаменті төрағасының орынбасары Ержан Қалқабаевтың «Әсем» компаниясы мен оның басшылығына қатысты жасаған мәлімдемесі компанияның іскерлік беделіне айтарлықтай нұқсан келтірген. Соған байланысты соңғы күндері компания мен оның шетелдік әріптестері арасында түрлі қиындықтар туындай бастады дейді компания заңгері Тамара Талло.
Е.Қалқабаев мамырдың 4-күні өткізген баспасөз мәслихатында «Әсем» компаниясының жетекшілерін салық төлеуден жалтарған, түрлі қаржылық арам істерге қатысы бар күдікті адамдар ретінде атаған еді. Ол «Әсем» компаниясының жетекшісі Талғат Қожахметов үш жыл ішінде 250 млн доллардың салығынан жалтарып келген, ал қазір заң орындарынан бой тасалап жүр» дегенді айтқан болатын.
Сонымен бірге Е.Қалқабаев бірқатар күмәнді фирмалардың жетекшісі Аркадий Осипов есімді азаматтың осы «Әсем» компаниясымен тығыз байланыста болғанын, оны қамауға алған кезде одан 190 мың АҚШ доллары мен 2 млн астам теңге тәркіленгенін және оның жанында «Әсем» компаниясының құжат-қағаздары мен 36 оғы бар, тіркеуде жоқ ТТ үлгісіндегі тапаншаның да табылғанын айтқан болатын.
Алайда, «Әсем» компаниясының заңгері Т.Талло әлгі А.Осипов есімді азаматтың «Әсем» компаниясымен ешбір байланысы жоқ деп отыр. Заңгер ондай адамды танымайды да, бұл жерде, бәлкім, қаржы полициясы басқа бір мақсатты көздеп отырған болу мүмкін деген өз пікірін білдірді.
Осы даулы мәселеге байланысты журналистердің сұрағына жауап берген заңгер «Әсем» фирмасының бас директоры Талғат Қожахметов – қазақстандық оппозиция қайраткерлерінің бірі Асылбек Қожахметовтың інісі екенін растады.
- «Әсем» фирмасы мен оның басшылығы саясатқа араласқан емес, ешбір саяси партияға қолдау көрсеткен де емес, - деді Т.Талло.
«Әсем» компаниясы басшылығының мәлімдемесіне байланысты Алматы қалалық қаржы полициясы департаментіне хабарласқанымызда, өзін осы мекеменің қызметкерімін деп таныстырған Алмас Толқынбеков есімді азамат «Әсем» фирмасы және оның басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатқанын айтты.