Жалалабадтағы қақтығыстарда төрт адам қаза тапты

АҚШ әскери өкілі Барри Винейбл Ауғанстанның Жалалабад қаласында болған қақтығыстарға американдық әскер араласқан жоқ деп мәлімдеді. Наразылық танытушылар мен ауған полициясы арасында орын алған қақтығыстарда кеше төрт адам қаза тауып, жетпістен астам адам жараланды. АҚШ әскери өкілі наразылық демонстрациясы басталған соң американдық әскер Жалалабадтағы базадан шығып кетті, демонстрация төңірегіндегі шараларға қатысымыз жоқ деді.

Жалалабадтағы наразылықтарға түрткі болған жағдай – Гуантанамо базасында орналасқан түрмеде американдық тергеушілер қасиетті Құран кітәбін қорлады деген мәлімет жарияланған болатын. Жалалабад қаласында бұдан соң наразылық қозып, үкімет үйлеріне өрт қойылды, дүкендер тоналды және Біріккен Ұлттар Ұйымының кеңселеріне шабуыл жасалды.