Латвия парламенті бүгін Ресейден бұрынғы советтік режим кезінде жасаған қылмыстық іс-тірліктерін мойындап, оған тисті төлемақы беруін талап ететін шешім қабылдады

Ол декларацияда жазылғанындай, Латвия Ресейден өткен 50 жылда адамзатқа қарсы жасаған қылмыстары үшін моральдық, саяси және қаржылай жауапкершілікті мойнына алып, халықаралық заңдарға орай, ол шығын үшін төлемақы талап етеді.

Сондай-ақ, осы кезге дейін Латвияда қалып отырған бұрынғы советтік әскерилерді өз елдеріне қайтуларын сұрайды. Латвия парламенті Советтер жасаған қылмыстарды зерттеп, тиісті қорытынды шығару үшін арнайы халықаралық комиссия құруға шақырады.

Парламенттегі 100 депутаттан бұл декларацияны қолдап 70 адам, ал 23 депутат қарсы дауыс беріп, бір депутат қалыс қалған. Қарсы болғандар – солшыл қанаттағы партиялар екен.