Асқар Ақаевқа қарасты кәсіпорындар кері қайтарылмақ

Қырғызстан уақытша бас прокуроры Әзімбек Бекназаров бұрынғы президент Асқар Ақаевтың әулетіне заңсыз қараған ондаған кәсіпорынды кері қайтарамыз, оларды қайта жекешелендіреміз деп мәлімдеді. Кеше осы мәселе жайында бас министрдің уақытша орынбасары Дәнияр Үсеновте сөйлеп, Ақаевтың туысқандарына және жора-жолдастарына тиесілі 114 кәсіпорынды тексеріп жатырмыз деді. Ақаевтың әулеті коррупцияға белшесінен батты деген мәселе наурыз айында халық көтерілісін қоздыра түскені аян.