Ауғанстанның дін басылары АҚШ-қа қарсы “қасиетті соғыс” жариялай ма?

КАБУЛ. Ауғанстандағы дінбасыларының тобы егер құранды масқаралаған АҚШ тергеушілері алдағы 3 күнде ислам сотына берілмесе, Америкаға қарсы “қасиетті соғыс” – “джиһадқа” шақырмақшы. Ауғанстанның Бадахшан өлкесінің әкімшілік орталығы – Файзабад қаласындағы бүгінгі бас қосуынан кейін 300 дін жетекшісі осындай мәлімдеме жасады. “Құранның масқаралануына” қарсы Ауғанстанда Америкаға қарсы наразылық шеруі өтіп, оның барысында кем дегенде 10 адам қаза болды. Сенбі күні Ауғанстан президенті Хамид Қарзай ол наразылықты АҚШ-қа қарсы күштер ұйымдастырып отыр деп мәлімдеді.