БАҒДАД. Бүгін алдын-ала хабарламай Ираққа сапарға келген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс күрдтердің көсемі Масуд Барзаниге жолығып, Ирақ премьері Ибраһим Әл-Жафааримен, қорғаныс және ішкі істер министрлерімен кездесуге тиіс. Бүгін Бағдадтың Әс-Садр ауданында 13 адамның, Рамади қаласында 10 Ирақ жауынгерінің және Искандария қаласында 11 тұрғынның мәйіті табылды. АҚШ армиясы Ирақтың батысындағы ірі операциясын сәтті аяқтағанын хабарлады. Ирақтағы АҚШ армиясының Әл-Анбар өлкесіндегі бір аптаға созылған соғыс операциясын аяқтауының ізінше бүгін қарақшылар өлке әкімі Ражда Науаф Фархан Әл-Махалауиді босатты. Әл-Махалауи – Сирия шекарасына жақын Әл-Қайым қаласынан Рамадиге келе жатқан кезінде қарақшылардың қолына түскен. Олар әкімді АҚШ армиясы Әл-Қайым қаласынан кететін болса қоя беретінін мәлімдеген.