ПРИШТИНА. Бүгін Косово өлкесінің ұлты албан премьер-министрі Бажрам Косуми Сербия премьері Воислав Коштуницамен осы айда кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Косов премьер-министрінің өкілі хабарлағандай, екі лидер Приштина немесе Белградта, не болмаса басқа бейтарап жерде кездесуге тиіс және алғашқы келіссөзде Косово өлкесінің ақырғы мәртебесі сөз болмауы керек. Кеше Сербия премьері Воислав Коштуницаның өкілі 2 лидер 24 мамыр күні Призрен қаласында кездсеуге тиіс деп хабарлаған болатын.