Бүгін өзбек әскері Қырғызстанға қарай ұмтылған босқындардың үлкен тобына оқ жаудырды

ТАШКЕНТ. Өзбекстан үкіметінің хабарлауынша, өткен аптаның соңындағы қантөгістен кейінгі Әндіжанда бүгін ахуал қалпына түсті. Алайда, басқа көптеген ақпарат көзінің хабары бойынша, көрші қалаларда ахуал әлі басылмаған тәрізді. Біздің тілшіміз Елмурад Юсупәлиевтің хабарлауынша, шекара маңайындағы Қарасу қаласындағы ахуал не шекара сақшыларының, не милицияның болмауына қарамастан тып-тыныш. Ал Өзбекстанның қауіпсіздік күштері Әндіжандағы халық толқуына қатысқандардың ізін кесу үстінде. Соңғы мәлімет бойынша, Әндіжандағы халық толқуы барысында 500-ге жуық адам қаза болған. Біздің жергілікті тілшіміздің хабарлауынша, өзбек әскері Қырғызстанға қарай ұмтылған босқындардың үлкен тобына оқ жаудырған. Қаза болғандар да бар тәрізді. Сонымен қатар, Өзбекстан үкіметі әскери қызметке жарайтын ер азаматтардың тізімін пысықтауға кірісті.