Өткен қыркүйек айында Бесландағы мектепте болған террорлық шабуыл бойынша бірінші сот процесі басталды

Онда кепілдікке алынғандардың 330-ы опат болған еді, олардың жартысынан көбі балалар болған. Күдіктелген Нур-Паши Кулаевқа тағылып отырған терроризм және адам өлтірді деген айыптардың бәрі де дәлелденетін болса, оған өмірлік түрме жазасы кесілуі мүмкін. Хабарларға қарағанда айыпталушы орындығында отырған Кулаев 1-3 қыркүйек күндері Солтүстік Осетиядағы Беслан мектебіне шабуыл жасаған қарулы топтың ішінде болғанын мойындаған, бірақ ешкімді өлтірген жоқпын деп жауап берген.

Ресей қауіпсіздік күштері жарылыстардан кейін, мектепті басып алушылармен қатты ұрыс сала отырып, кепілдікте отырғандарды босатқан болатын.