ЖАҢАЛЫҚТАР Ресей шахтасында апат болды 18 мамыр 2005 жыл, 12:41 Кемеров облысы Киселевск қаласындағы көмір шахтасында бүгін метан газы жарылды. Екі адам хабарсыз жоғалып, төрт адам жараланды. Төтенше жағдай министрлігі оқиға мезгілінде жер астында 132 адам болды, олардың 130-ы аман дейді.