Лондон және Алматы қалаларындағы Өзбек елшіліктерінің алдында Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовке Әндіжандағы қырғын үшін сөгіс білдірген шаралар өтті. "Хизб ут-Тахрир" ислам ұйымының Лондондағы өкілі Имран Уахид митингке түрлі ұлттардағы жүздеген мұсылман келіп, Кәрімовтің билігіне лағнет айтты деді:
- Өзбекстандағы барлық саяси тұтқындар азат етілсін, Кәрімовтің қанаушы билігі тоқтатылсын деп талап қойып тұрмыз. Елшіліктен ешқандай жауап болған жоқ. Өзбек елшілігі түкке тұрмайтын, әлсіз үкіметтің сорлы өкілдігі деп білеміз.
Алматы қаласында қазақ жастары өзбек елшілігінің алдында наразылық шарасын өткізді. Мұндай шаралар Женева қаласында, Біріккен Ұлттар Ұйымы кеңсесінің алдында өткізілмек. Әндіжандағы қанды қақтығыстан соңғы жағдайды өз көздерімен көруге бүгін осы қалаға бір топ шетел дипломаты мен журналистер келді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жайындағы бас комиссары Льюс Арбур Әндіжан қаласында орын алған қанды қақтығыстың шындығына тәуелсіз тергеу арқылы жетуге шақырды.