Вашингтон мен Пхеньян өзара байланыстың бейресми арнасын пайдаланып отыр

ТОКИО. Бүгін АҚШ-тың Токиодағы елшілігі хабарлағанындай, Вашингтонның Пхеньянға қатысты саясатын талқылау мақсатында америкалық дипломаттар мен Солтүстік Кореяның ресми өкілдері өткен жұма күні Нью-Йоркте кездескен. Екі жақты байланыстың бұл арнасы, деп мәлімдеді елшіліктің ресми өкілі, келіссөз жүргізбеу туралы АҚШ саясатын жеткізу үшін пайдаланылады. Онымен қарама-қатар Солтүстік пен Оңтүстік Кореяның өзара жоғарғы дәрежедегі тікелей келіссөзі бүгін жалғасын тапты.