Өткен жұмада мұнда ереуілшілер мен үкіметтік күштер арасында болған қарулы қақтығыстар кезінде көптеген адам мерт болған еді. Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанмен Әндіжан, Қарасу толқулары жайында сөйлескен. Өзбек ресмилерінің мәлімдеуінше, өткен жұма күні қаза тапқандар саны 169 адам. Ал Халықаралық адам хұқтары топтары мен Өзбекстан оппозициялық партиясы өкілдерінің айтуынша, опат болған адамдар бір мыңнан асады.
И.Кәрімов Кофи Аннанға өткен жұмадағы қақтығыстарға халықаралық зерттеу мен тексеру жүргізудің қажеттігі жоқ, елдің шығысында үкіметтік күштер бақылау орнатты және орын алған жайттар әділетті тексерілетін болады деп айтқан. Бүгін Өзбек президенті Кәрімовтың кеңсесі Аннанмен әңгімелесу барысында Әндіжан толқуларына халықаралық зерттеу жүргізу жөнінде қандай да бір ұсыныс айтылған жоқ дегенді айтқан.