Грозныйда алты бейбіт тұрғынды өлтірген Ресейдің төрт әскери командирін ақтап жіберген сот шешіміне наразылық митингісіне, мәскеушіл шенеуніктерді қосқанда, барлығы 3 мыңдай адам шықты. Әлгі төртеу 2002 жылдың қаңтарында арасында бала мен аяғы ауыр әйел бар алты тұрғынды өлтірді деп айыпталған болатын. Айып тағылғандар айыптарын мойындағанымен, өздерінің тапсырмаға сәйкес қимылдағандарын айтқан.