БУХАРЕСТ. Ирақта наурыздың 28-інен бері кепілдікте ұсталған 3 румыниялық журналист кеше босатылған болатын. Бүгін олар Румынияның әскери ұшағымен Бухарестке жеткізілді. Журналистерді Бухарест әуежайында Румынияның президенті, премьер-министрі және туыстары қарсы алды.