Қазақстанда мұнай-газ саласының мамандарын даярлайтын жоғарғы техникалық оқу орындарының жағдайымен, сондай-ақ, болашақ маман студент жастармен және оқытушы профессорлармен кездесіп, олардың жай-күйімен танысу мақсатында Халықаралық мұнай инженерлері қоғамының президенті, ENI-AGIP мұнай компанияларының Миландағы орталық кеңсесінің бас кеңесшісі Жованни Пакколани Алматыға келді.
Ол мамырдың 23-і күні Алматыда Қазақ-Британ Техникалық Университетінде оқытушы профессорлармен және студенттермен кездесті. Ж.Пакколани әуелі осы жолғы Қазақстанға келген сапарының басты мақсаты жөнінде тоқталды.
Оның айтуынша басты мақсат ол Халықаралық мұнай инженерлері қоғамы жөнінде қазақстандықтарға жеткілікті таныстыру және мұнай-газ саласы бойынша білім алып болашақ маман болғалы отырған жастарды қолдау, олардың мықты маман болып шығуына көмек жасау көрінеді. Қазақ-Британ Техникалық Университетінің проректоры Әділ Ахметовтың айтуынша Халықаралық мұнай инженерлері қоғамының студенттік бөлімшесі қазір осы оқу орнында жұмыс істейді.
Оның мүшелері шамасы 20-дай студент осы қоғам арқылы мұнай-газ саласындағы ең озық технологиялар туралы ақпарат алуға, білім және тәжірибелерін жетілдіруге, жыл сайын өтілетін аймақтық семинарлар мен конференцияларға қатысуға, ғылыми журналдар мен кітаптарға мақалаларын жариялауға кең мүмкіндік алады. Сондай-ақ, осы бөлімшенің мүшесі студент халықаралық қоғамның электрондық кітапханасына енуге мүмкіндік алады.
Проректор Ә.Ахметовтың айтуынша 2001 жылы тамыздың 3-і күні Қазақстан үкіметінің арнайы қаулысымен құрылған Қазақ-Британ Университетінде бүгінгі күні 930 студент 3 факультетте, яғни мұнай-газ, экономика-менежмент және ақпараттық технология деген бағытпен оқып білім ала алады.
Оқытушы профессорлардың саны 180-дей болса, оның біразы шетелден шақырылған мамандар. Келер жылы осы оқу орнын алғашқа 200-дей студент бітіргелі отыр. Олардың барлығы да Қазақстанның мұнайлы жерлеріне барып жұмыс істейді. Бұл туралы сондағы мұнай компанияларымен алдын-ала келісіп қойғамыз дейді университет проректоры.
Осы университеттің 3-курс студенті Болат Ысмайылұлы мұнай инженері болуды бала кезінен армандағанын айтады.
- Көп кешікпей, университетті бітірген соң, Атырауға не Ақтауға барып, сонда жұмыс істеймін, бұл бір жағынан менің арманым болса, екінші жағынан менің тіршілігім үшін керек, өйткені, ең көп айлық жалақы мұнайшыларға төленеді, - дейді ол.