Шетелдік ұйымдар өзбек үкіметінен қамауда отырған Әндіжандық құқық қорғаушыны бостандыққа шығаруға шақырады

Нью-Йорктан бүгін хабарланғанындай, АҚШ-тағы Адам құқықтарын қорғау ұйымы Өзбекстан ресми әкімшілігіне хат жазып, тұтқында отырған адам құқықтары белсендісі Зайнабиддиновты бостандыққа шығаруын сұраған.

Әндіжанда мамырдың 13-інде және одан кейін болған оқиғалар, саяси толқулар кезінде сол арадағы жағдайға куә болған Зайнабиддинов, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат берген еді. Ал кейіннен өзбек сақшылары оны тұтқындаған болатын.