НАТО ұйымы Өзбекстандағы қантөгіс оқиғаларына алаңдаушылық білдірді

НАТО өз мәлімдемесінде өзбек қауіпсіздік күштерінің, Әндіжан көтерілісі кезінде, бейбіт шерушілерге асыра сілтеп күш көрсеткендігін айыптаған. Өзбекстан Бейбітшілік бағдарламасы бойынша НАТО-мен өзара әріптестік байланыста. Сондықтан НАТО, Өзбекстан бостандық, адам құқықтары бойынша өз мойнына алған міндеттемені орындауы тиіс дейді. Ал Өзбекстан Әндіжан қантөгісі бойынша халықаралық зерттеуге әзірге қарсылық білдіріп отыр.

Өзбек үкіметі Әндіжандағы қантөгіс құрбандарының санын 169 десе, жергілікті оппозициялық саяси партиялар қаза болғандардың саны мыңға жуық дегенді айтады.