1988 жылы Данияның Орхусс қаласында әрбір азамат қоршаған орта мен экологияға қатысты өзін толғандырған мәселерді шешуге қатыса алатындығын, соған байланысты барлық экологиялық ақпараттарды алуға құқылы екендігі жазылған әйгілі Орхусс конвенциясы қабылданған болатын.
Қазақстан бұл конвенцияны 2001 жылдың қараша айында мақұлдап, 2002 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап қосылған еді. Алматыда мамырдың 25-27 аралығында өтетін Орхусс конвенциясына қатысушы мемлекеттердің екінші конференциясына әлемнің 55 елінен келген қоршаған ортаны қорғау саласы мен заң саласының 400-ге жуық мамандары қатысқалы отыр.
Жиынға қатысушылар үш күн бойы әлем елдеріндегі Орхусс конвенциясының орындалуы барысын талқылап, сөйлеспекші. Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрлігінің стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры Болат Бекниязовтың айтуынша, Орхусс конвенциясы - әр азаматтың қоршаған орта, экологияға қатысты қандай да бір проблеманы көтеруге, оны шешу жолындағы іс-әрекет етуге құқылы екендігін, сондай-ақ, экологиялық ақпараттардың азаматтарға еркін жетуіне мүмкіндік туғызуды заңдастырып берген халықаралық келісім-шарт.
Ал, Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Жамбыл Бекжановтың айтуынша, Қазақстан Орхусс конвенциясының экологиялық және құқықтық талаптарын толық орындап отыр. Орхусс конвенциясының орындалуын қадағалайтын комитет төрағасы Вайт Костердің айтуынша Қазақстанның азаматтары және үкіметтік емес ұйымдары қоршаған орта, экология мәселесіне қатысты белсенді жұмыс істеп келеді.
- Бүгінгі күні осы комитетке жолданған 13 түрлі мәселенің 4-уі Қазақстанға арналған. Комитет өз тарапында Қазақстан үкіметімен ашық пікірталас өткізіп келеді, - деді ол.
Ал БҰҰ-ның Швейцариядағы Еуропалық Экономика комиссиясының қоршаған орта мен аймақтар бөлімінің бастығы Кай Барлунд кейбір елдердің заңдары Орхусс конвенциясының талаптарына сәйкес емес екендігін, бұл мәселені талқылауда олардың үкіметтік емес ұйымдары белсенділік таныта алмай отырғандығын айтты.