Қазақстанның жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік басшылары республикада әлі де он миллион гектардай арнаулы қордағы ауыл шаруашылығы жері иесіз жатқандығын айтады.
2005 жылғы қаңтардан бастап жерді қосалқы жалға берудің тоқтатылуына байланысты тұрғындарға өз құқықтарын түсіндіру мақсатында құрылған «Туған жер» қозғалысының басшылығы құрамы лауазымды қызметке ауысуына байланысты жаңадан сайланбақ «Ауыл» партиясының төрағасы Ғани Қалиев Қазақстандағы кей алпауыттардың бір миллион гектарға дейін жері бар екендігін мәлімдеп отыр.
Өткен шақырылымдағы Парламент депутаттары Қуаныш Алпысбеков, Серік Әбдірахманов, Қайрат Шалабаев, Владислав Косаревтің жаңа сайлау қарсаңында тұрғындарға Жер кодексін түсіндіру мақсатында құрған «Туған жер» қозғалысы басшылығы қайта жасақталмақ. Үкіметтің Парламенттегі өкілі Қуаныш Алпысбековтың айтуынша, аталған адамдардың барлығы да жаңа лауазымды қызметтерде.
- Сондықтан, қозғалысқа жаңа басшылық сайлануы тиіс, - дейді ол.
Қазақстанның Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Каналбек Райымбековтың айтуынша, қазіргі таңда республиканың жер қорындағы арнулы ауылшаруашылық мақсатындағы 10 миллион гектар жер әлі игерілмей жатыр.
- Ол жерді пайдаланамын дегендерге қарсылық жоқ, - дейді К.Райымбеков мырза.
Қостанай облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі басқарма бастығы Мереке Дихаев болса, бүгінгі таңда қостанайлық диқандарға бес миллион гектар жер берілгендігін, оның 3,5 миллион гектарына астық себіліп жатқандығын, ондағы жер мөлшері жөнінен ең ірі алпауыт шаруашылық – «Иволганың» астық өндіру саласында бұрыннан қызмет етіп келе жатқандығын айтады. Парламенттің өткен шақырылымында «Жер кодексін» талқылау кезінде жерді сатуға қарсы шыққан депутат Серікбай Әлібаев болса, ел ішінде жерге қатысты дау-дамай көп екенін айтады.
- Оны жергілікті әкімдер сайлау қарсаңында басып тастап отыр, - дейді С.Әлібаев.
Қазақстанның Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Каналбек Райымбеков болса, жердің көп бөлігі шетелдіктерге, алпауыттарға сатылып жатыр деген қауесет, бос сөз деп отыр.
- Агенттік Үкіметтің 2003 жылғы қаулысына сәйкес, әрбір аудан, кенттердегі ауыл шаруашылығы жерлерінің берілуін қатаң бақылауда ұстап отыр, - дейді К.Райымбеков.
Ал, «Ауыл» партиясының төрағасы Ғани Қалиев болса, жергілікті билік, соттар жер сатылу процесіне қадағалау жүргізе алмай отыр деген баға береді.
- Егер, шаруалар кооперативтерге бірігіп, жерді сатып алмаса, олар алпауыттарға жалданып жұмыс істей бастайды. Бұл ертең таптық шиеленіске жол беруі мүмкін, - деп санайды Ғ.Қалиев.