Мысырда президент сайлауында дауысқа балама үміткерлер түсе алады

ҚАЙЫР. Бүгін Мысырда конституцияға президент сайлауында балама үміткерлердің дауысқа түсуіне мүмкіндік беретін өзгерістер енгізу мәселесі бойынша өткізілген референдумның қорытындысы жарияланбақшы. Бастапқы есеп бойынша, дауыс беруге сайлаушылардың 70 пайыздан астамы қатысып, оның 90 пайызы конституциялық реформаны қолдап дауыс берген. Мысыр оппозициясы конституциялық өзгерістер тәуелсіз үміткерлерді күрт шектеп, керісінше қазіргі президент Хосни Мүбәрәктің партиясын қолдайды деп мәлімдеп, референдумға байкот жариялауға шақырды. Бұл өзгерістер қыркүйек айындағы президент сайлауында күшіне енеді.