У.Хамбиев: “Еуроодақ Шешенстандағы соғысқа ұзақ уақыт көзін жұмып тұра алмайды”

ГААГА. Шешенстанның тәуелсіздігін қолдаушы делегация Еуроодақты Ресей қарулы қақтығысты шешу үшін келіссөздер бастауы керек деп, оған қысым көрсетуге шақырды. Шешен көтерілісшілерінің көсемі Абдул Халим Сайдуллаевтың өкілі Умар Хамбиев бұл туралы Брюссельде Еуроодақ өкілдерімен кездесуі барысында мәлімдеді.

- Еуроодақ Шешенстандағы соғысқа ұзақ уақыт көзін жұмып тұра алмайды, - деген Хамбиев.