Өзбекстандағы биылғы қанды оқиғалардан соң ол жақтан көрші елдерге босқындар бассауғалап барып жатыр.
«Елді демократияландыру мен тұрақты дамытудың маңызды институты ретіндегі қазақстандық парламентаризмнің бағыттары» деген тақырыпта Астана қаласында өтіп жатқан халықаралық ғылыми-конференцияға қатысушылар үстіміздегі жылдың мамыр айының 13-і күні Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы оқиғаға байланысты өз пікірілерін ортаға салды.
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов көптеген адамның қаны төгілген жағдайды қолдау мүмкін емес. Өзбекстанда орын алған жағдайға халықаралық тергеу жүргізуге рұқсат беріледі деген үміттенмін деді.
- Қан төгілді. Қанның бағасы өте қымбат. Қанша адамның қаны төгілгені жайында ақпарат әртүрлі. Бір адамның қаны төгілсе де, ол қиын жағдай. Ондай жағдайды қолдау мүмкін емес. Ал, Өзбекстанға халықаралық тергеушілер жіберіледі деп ойлаймын.
Қырғыз Республикасының Қазақстандағы елшісі Жұмағұл Саадамбеков Қырғызстанның Қарасу өңірінде бас сауғалап жатқан өзбекстандықтарды өз еліне қайтару туралы екі ел үкіметттері арасында келісім жүргізілгендігін айтты.
- Енді Өзбекстаннан Қырғыз елінде қашып келушілер болмайды деп ойлаймын. Екі ел үкіметтері арасында келісім жасалып, Өзбекстан жағы ақырындап өз азаматтарын елімізден алып кетеміз деп отыр. Ал біз жағынан Қарасу өңірінде бас сауғалап жатқан өзбекстандықтарға барлық жағдай жасалып жатыр.
Қырғыз елшісі Жұмағұл Саадамбеков бірқатар елдерде орын алған түрлі-түсті төңкерістер Қазақстанда болмайтынына өзінің сенімді екенін айтады:
- Өзбекстандағы жағдай өкінішті. Грузия, Украина және Қырғызстан, яғни біздің еліміздегі төңкерістер, Қазақстанда болмайды деп нақты айта аламын.
Өзбекстанда орын алған жағдайға байланысты пікірін білдірген Ресей мемлекеттік Думасының депутаты Владимир Плигин:
- Құдайға шүкір, елде жағдай қайта қалыптасып жатыр. Өкінішке қарай, құрбан болғандар көп. Осымен тоқтамағанда жағдай одан да ушығып кетуі мүмкін еді, - деді.
Қырғыз Қауіпсіздік қызметінің төрағасы Бейсенбай Жүнісов Қырғыз елінде бас сауғалап жатқан Өзбекстан азаматтарының саны 528-ді құрап отыр, әзірге екі ел шекарасында тыныштық деді.
Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың Қытайға сапары барысында ресми Пекин Өзбекстан басшылығын қолдайтындығын айтқан болатын.